Благовещенка жалпы орта білім беру мектебі 2000 жылы ашылды. Мектепте барлығы 20 сынып: бастауыш мектеп -6, мектепалды даярлық тобы-1. Барлық сыныптар мемлекеттік тілден басқа орыс тілін, ағылшын тілін оқиды.
Жалпы оқушылар саны-321. Бастауыш сыныптарда -95; 5-9 сыныптарда -158; 10-11 сыныптарда -56 оқушы білім алады.
Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді, 5-күндік апта, бірінші ауысым оқушылары үшін сабақ 8.30-да басталады. Сабақтың ұзақтығы 40 минут, 14.45-те аяқталады. Сабақтар аралығындағы үзілістер 10минут және екі үзіліс 15 минут, бұл уақытта мектеп оқушылары үшін ыстық тамақ және қозғалмалы ойындар ұйымдастырылған. Бірінші ауысымда -15 сынып , 233 оқушы білім алса, екінші ауысымда 76 оқушы білім алады. Сабақтар кестесі жұмыс жоспарына сәйкес құрылған.
Мектепте 47 мұғалім жұмыс істейді.
Жоғары білімді педагогтар-44, арнайы орта білімді -3
Жоғары санатты -12
І санатты -17
ІІ санатты -9
Санатсыз -9