Меню KDT

Новости

"Бала құқығы- адам құқығы" тақырыбында дөңгелек стол

Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Осы заңдарды насихаттау мақсатында мектебімізде тарих пәнінің мұғалімі Молдабаева Арай Жамбыловна 10-11сыныптармен "Бала құқығы- адам құқығы" тақырыбында дөңгелек стол өткізді. Дөңгелек стол барысында Конвенция заңдары айтылып, ситуациялық сұрақтар шешіліп соңында Атамекен әнімен аяқталды.

Просмотров: 4

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қамқорлық кеңес

Рухани жаңғыру

Жаңғырту

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Директор блогы

Сұрастыру

Статистика

  • Осы айда200
  • Осы аптада72
  • Кеше23
  • Бүгін2
  • Желіде:0